Қазақстан "ҚазСат-3" жобасын мақұлдады

Телекоммуникациялық «ҚазСат-3» ғарыш аппаратының жобасы іске асырыла басталды.

ААҚ «ИСС» мамандары спутникті құрастыру жұмыстарына кірісті. Осы орайда "Ғарыштық байланыс Республикалық орталығы" АҚ вице-президенті Бауыржан Құдабаев ИСС мамандарының кәсібилігін айта отырып, жоба жұмыстарының мақұлданған кесте бойынша жүріп жатқандығын жеткізді.

«ҚазСат-3» телекоммуникациялық ғарыш аппараты ААҚ «ИСС» орталығында жасалып шыққан орта класты «Экспресс-1000Н» платформасының негізінде жасалуда. Жоба сәтті болса, аппарат бүкіл Қазақстанды байланыс қызметімен қамтамасыз етеді. Спутниктің ұшырылуы 2014 жылға жоспарланып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: nashaagasha.org