Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Фото: hameleons.com

Барша қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр қазақстандықтың отбасына айрандай ұйыған ынтымақ тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Мереке Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап тойланып келеді. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналып та үлгерді. 1 мамыр -  елімізде ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, еліміздегі 130-ға тарта халықтардың ауызбірлігінің жарқын көрінісі.

Діні  басқа, тілі басқа, тілегі  бір» бір  шаңырақ  астында  жиналған  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі  болып, татулығы  жарасқан  біздің  елде  өмір   сүріп  жатқаны  жүректерге  сенім, көңілдерге  қуаныш  ұялатады. «Күш – бірлікте» демекші, бірлігі жарасқан елдің ғана мерейі үстем болады. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

«Ынтымақ түбі – береке». Берекелі мерекеміз құтты болсын!

Н. Үсенова