Массагет сайтының ұжымы қазақстандықтарды Қазақстан Халқының Бірлігі күнімен құттықтайды. Елімізде орнап тұрған береке мен ынтымақтың ғұмыры ұзақ болғай. Аспанымыз әрдайым ашық, жеріміз тыныш, келешегіміз жайдарлы болсын! Бірлігі жарасқан қазақ елінің шаңырағы ешқашан да шайқалмасын! Әр шаңырақтың төрі қуаныш пен бақытқа толы болсын!
Қазіргі заманда Қазақстан үшін ынтымақ пен тыныштықтың маңызы өте зор. Егер еліміз тыныш болып, ортақ отанымызды өмір сүріп жатқан халық бірлікте болып, қоян-қолтық жұмыс жасаса, бір-біріне мейірім төгіп жүрсе, әлбетте, еліміз экономикалық та, мәдени тұрғыда да дами түсіп, өркендейді. Сол себепті, бір-бірімізді тек жақсылыққа, бірлікке шақырайық!
1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні құтты болсын!