- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстан аумағының басым...
Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады
Қазгидрометтің болжауынша, тек еліміздің батысы атмосфералық ағымдардың ықпалында болып, кей өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді.
Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қостанай, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.
Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Ақпарат көзі: BNews.kz
М. Оңғарова