- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстан әлемдегі ең...
Қазақстан әлемдегі ең бақытты бес елдің қатарына енді
Қазақстан 2021 жылы халық бақытының индексі ең жоғары әлемдегі бес елдің қатарына енді. Мұндай мәліметтер Gallup International тәуелсіз зерттеу агенттігі халықаралық қауымдастығының жаһандық сауалнамасында келтірілген. Бұл туралы romir.ru жазды.
Бақыт индексі – бұл бақытты және бақытсыз адамдар арасындағы айырмашылық. Gallup International сауалнамасына дүние жүзіндегі 44 мемлекет пен 41 560 адам қатыстқан.
Сауалнама көрсеткендей, бақыт индексінің максималды мәні Колумбияда (+79 пайызды тармақ), Қазақстанда (+76), Албанияда (+74), Малайзияда (+73) және Әзірбайжанда (+70) тіркелген.
Бақыт индексінің ең төменгі көрсеткіші – Ганада (+2), Ауғанстанда (+9), Гонконгта (+11), Иракта (+17), Ресейде (+18) тіркелді.
"Бақыт деңгейі табыс деңгейіне тікелей байланысты емес. Дұрыс мемлекет моделі, дұрыс идеология бір күнде күйрейді. Болашақты болжау мүмкін емес...", - деп атап өтті социология ғылымдарының докторы, Gallup International компаниясының вице-президенті Андрей Милехин.
Зерттеу авторларының айтуынша, дәстүрлі түрде Латын Америкасы, Африка және Шығыс Азия тұрғындары өздерін ең бақытты санайды екен. Ал Еуропа, Таяу Шығыс және Ресей әрқашан пессимистік топта. АҚШ, Ұлыбритания және Германия орташа деңгейден сәл төмен нәтиже көрсеткен.
Айта кетейік, биыл жарияланған World Happiness Report есебінде Финляндия "Әлемдегі ең бақытты ел" рейтингінде төртінші рет көш бастады.
49 ел кірген рейтингте Қазақстан 36-шы орыннан көрінді. Қазақстан кейінгі 3 жыл қатарынан (2017-219 жылдар) 60-орынды иеленген болатын. Тек, былтыр 50-орынға жоғарылады.
Т. Раушанұлы