Қазақ түнде жолға шықпайды

Қазақ түнде жолға шықпайды

Қазақ салтында жол туралы ырым-тыйымдар өте көп кездеседі. Халқымыз жолдың да иесі мен киесі болады деп есептейді. Жолға шығу үшін өзі сәтті деп білген уақытты таңдайды, бал ашып, жауырын күйдіріп, құмалақ тартып, болжам жасайды, құрбан шалып, жолына сәттілік тілейді, бата беріп, бата алып, ақ жол сұрайды. Жолаушының жолын кеспейді, жолаушының жолдасы Қыдыр деп, жол-жөнекей қонған қонақты күтіп аттандырып отырады, жолдасын жолда тастамайды, жолды бүлдірмейді, жолға дәрет сындырмайды, жолға от жақпайды, жол жөндеуді сауап деп санайды, жол сұрағанға жол нұсқап жібереді. Аралас-құралас жүрген адамын "жолдас" деп атайды. Қазақ түстен кейін ұзақ жолға аттанбайды, түнде сапар бастамайды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: home.gamer.com.tw

M. Auelkhan