- Негізгі бет
- Қазақстаным
- "Қазақ радиосының" таралу...
"Қазақ радиосының" таралу аймағы кеңейеді
Қазақтың құлақ құрышын қандырып, 100 жылдан бері халыққа қызмет етіп келе жатқан "Қазақ радиосы" толқынының аясы кеңейе түсетін болды. Ол енді төрт жүзден астам ауылға тарайды. Оның ішінде киелі Түркістан, жайлы Жамбыл, шырайлы Шығыс Қазақстан өлкелері бар. Демек бұл радио енді тағы 630 мыңға жуық адамды қуанта алады деген сөз.
Бұл шара ел тәуелсіздігіне 30 жыл, Қазақ радиоларына 100 жыл толуына орай жасалады. Мұндай шешімді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қабылдады. Басты мақсат – Қазақстанның шалғай ауылдарын да ақпараттық қауіпсіздікте ұстап, шұғыл хабармен қамтамасыз ету. Радиостанциялар желісін кеңейту үшін нақты жол картасы жасалған. Соған сәйкес 2021-2024 жылдары арасында радиохабар тарату қызметінің аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол нақты төрт кезеңге бөлінеді деп жобаланды.
Министрлік телерадио хабарларын тарататын радиожиілік спектрін бөлуге арналған байқау ұйымдастырды. Оған 107 радиожиілік спекрті бөлінді. 89 спектр "Qazaq radiosy", ал қалған 18 радиожелілік спектр «Шалқар» радиосына тиесілі.
Бұл спектрді беру 2022 және 2025 жылға жоспарланып отыр. Жол картасының бірінші кезеңі осы мәселеге арналады.
2021 жылы Қазақ радиолары100 жылдығын атап өтіп жатыр. Бұл радио қазір еліміздің 89 пайыз аймағына таралған, енді толық 100 пайыз қамтыса деген мақсатта жұмыстар жүргізуді көздеп отыр.
@. @assel_assanova