Алматыда көрермендер Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Прайм Плаза" сауда орталығының алдында тәртіпсіздік орнатты деп хабарлайды Tengrinews.kz шоумен Данияр Батырбаевтың Twitter аккаунтына сілтеме жасай отырып.
"Прайм Плазаның" шатырында тұрмын. Жұрт орталықты бұзып жатыр. Барлық аппаратураны қиратты. Полицияның тоқтатуға мұршасы жетпеуде", - деп тележүргізуші микроблогына жазған. "ЕММЖ келді. Жастар Рысқұловтың бойымен қашып барады", - дейді Батырбаев.
31 тамыз күні аталған сауда орталықта Қайрат Нұртастың қатысуымен "Запой по пятницам" атты караоке-жарыстың финалы өтпек болған. Концертті ұйымдастырушылардың бірі Аэлита Хабибуллинаның айтуынша, концерт тәртіп бұзушылықпен аяқталған. Қайрат бір ән айтып үлгергенше, адамдар сахнаға басып кірген. Жиналған жұрт алдыға қарай бір-бірін итерген. Күзетшілердің тоқтатуға мұршасы жетпеген. Қайрат Нұртастың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырушылар оны сыртқа алып шығып кеткен. Ал кейін шағымданған көрермендер осындай тәртіпсіздік жасаған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/QhjbSOHC5eQ","width":"450","height":"338"});
Қазірге дейін белгілі болғаны, тәртіпсіздік нәтижесінде кем дегенде 13 адам жарақат алған, бірнеше қызметтік және азаматтық көліктер зақымданған. Алматы қаласының ІІД хабарлауынша, концертке шамамен екі мыңға жуық адам жиналған. Бүлікшілер тас пен бөтелке атқан.
Құқық қорғау органдары бүлік шыққан жерді дереу қоршауға алған. Қазіргі таңда тәртіпсіздік тудырған белсенді қатысушылар ұсталып, бүлік шығарушыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ІІД.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/HqPcfPOP-h0","width":"450","height":"338"});
Суреттер: tn.kz
Видеолар: Самсон Безмятежный, Александр Ведяшев
Дайындаған: Анар Мұстафина