Каспий теңізі Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан, жер бетіндегі ең алып тұйық көл. Оның алыптығына қарап теңіз деп те атайды. Қазақстандағы туризм мәселесіне келген кезде Каспий теңізінің алатын орны ерекше. Айналасы түрлі мемлекеттермен шектесетін теңіз арқылы елімізге саяхат жасап келуші туристер де бар. Каспий туралы не білуіміз керек? 1. Каспий теңізінің атауы осы теңізді жағасын мекендеген ежелгі каспий тайпаларының құрметіне аталған. Грузия жерінде Каспи атауындағы қала әлі де бар. 2. Каспий теңізіне тән ежелден келе жатқан атаулар бар: Гиркан, Хазар, Хвалын және т.б. тарихи есімдерді мыңжылдықтарда өмір сүрген тайпалар мен халық қойып отырған. 3. Каспий теңізі жер шарындағы көлге де теңізге де тән ерекшелігі бар теңіз. Теңіздің пайда болуы неоген дәуіріне тән. Жер қыртысының көтерілуі нәтижесінде Қара теңізден бөліну арқылы пайда болды. Неоген дәуірін Каспий теңізінің қалыптасқан кезеңі деп атауға болады. 4. Каспий теңізімен бес мемлекет шектеседі. Олар: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иран. Сонымен бірге теңіз жағасында 13 қала орналасқан. Әзербайжанның 6 қаласы, Қазақстан, Ресей, Иран елдерінің 2 қаласы және Түркіменстанның 1 қаласы бар. 5. Каспий теңізі 371 мың шаршы аумақты алып жатыр. Егер бұл ауданның орнында мемлекет болса, онда ол картада 62орындағы мемлекет ретінде тіркелетін еді. Теңіздің тереңдігі 1025 метр. Бұл дегеніңіз, Эйфель мұнарасын бірінің үстіне бірін қойып, суға сүңгітіп жіберуге болады деген сөз. 6. 1719 жылға дейін Каспий теңізінің тұрақты картасы болмаған. Тек 1719 жылы Бекович-Черкасско экспедициясының нәтижесінде барып картаның нақты сызбасы жасалды. 7. Теңізде табиғи тіршіліктің 850 түрі өмір сүреді. Каспий теңізіндегі ең керемет жануар ол каспий итбалығы. Келуші туристердің айтуынша, теңіз итбалықтары адамдармен қатар жүзіп, ойнақ салатын көрінеді. Өкінішке қарай, қазі олардың саны күрт азайып, жоғалып кету алдында тұр. 8. Жер бетіндегі ең қымбат уылдырық қара уылдырық деп ойласаңыз, қателестіңіз. 100 грамм үшін 2 000 АҚШ долларын сұрайтын жер бетіндегі ең қымбат уылдырық ақсерке балықтың Алмас аталатын уылдырығы. Ол Каспий теңізінің Иранмен шекаралас тұсында өмір сүреді.