Кәрілік – дауасыз дерт. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ж.Сәткенова, Л.Әлімтаева, Б.Құлжанова, Д.Шакирова және «қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс студенттері университетіміздің "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында Алматы қаласы Мамыр 7 ықшам ауданында орналасқан Ардагерлер үйіне барып қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркімде жақсы түсінеді. Үлкендерімізге көңіл бөліп, хал-жағдайларын сұрап тұрғаннан артық бақыт жоқ екенін ұмытпайық.
Жолдаған:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Филолгия, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің
оқытушысы Шакирова Д.Т.
Сурет:astana-akshamy.kz