- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қарағандыда қола дәуірінің...
Қарағандыда қола дәуірінің артефакттары табылды
Қарағандыда Қола дәуіріне тән артефакттар табылды. Бұл туралы Букетов атындағы ҚарМУ-дың археологиялық институтының жетекші маманы Игорь Кукушкин мәлім етті.
Кукушкиннің айтуынша, қола дәуірінде өмір сүрген 5 адамның моласы Қарағанды қаласынан 100 шақырым жердегі Нұраталды ауылының маңынан табылған. Андронов мәдениеті кезеңіне тұспа-тұс келетін моланың жасы шамамен 4000 жыл. Ғалым сонымен қатар бұл бес адам ариліктердің отбасы екендігін де айтып өтті.
Осы жерден мәйіттерден бөлек түрлі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар мен жебенің ұштары да табылыпты. Аталған артефакттарға арнайы зерттеу жүргізілген соң, бұйымдар Қарағанды мұражайына берілетін болады.
Әңгіме болып отырған Нұраталды ауылы маңында қола дәуірі қорғандарының көп екендігі бұрыннан бері айтылып жүр. Сақтар дәуіріне де тән артефакттар көптеп табылған. Мәселен осыған дейін аталған аймақтан Сақ патшасының моласы табылған болатын. Дегенмен бөлініп жатқан қаражаттың аздығының себебінен бұл объектіге әлі тыңғылықты зерттеу жүргізілген жоқ.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін telegram парақшамызға жазылыңыз!