Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек әзірленіп жатыр

Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек әзірленіп жатыр

Алматыда Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz акцияның ұйымдастырушысы Дина Сабироваға сілтеме жасап хабарлады.

Гуманитарлық көмек жинау 15-19 сәуір аралығында сағат 14.00-ден 20.00-ге дейін "Арман" кионотеатрының залында (Достық 104) болады. Көмек ретінде консервіленген, кептірілген тағамдар, тұз, қант, крекерлер, бір реттік қолданыстағы ыдыстар, киімдер және қораптар қабылданады.

п

Қарағанды облысындағы су басқан ауылдардың бірі

Айта кетейік, гуманитарлық көмек Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарға автокөлік арқылы жөнелтіледі. Алматыдағы акцияның ұйымдастырушысы Сабированың айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккен ауылдардағы тұрғындармен тікелей байланыс бар. Әлеуметтік желілерде акция бірнеше аймақта ұйымдастырылып жатыр. Ол туралы ақпаратты #sos_karaganda немесе #helpkaraganda хэштегтері арқылы іздеп табуға болады.

п

Қарағанды облысындағы су басқан ауылдардың бірі

Еске сала кетейік, 23 мен 29 наурыз аралығында Қарағанды облысының төрт ауданын су басты. Тасқынның екінші толқыны 6 сәуірде басталды. Уәкілтті органдардың хабарлауынша, 50 елді мекен су астында қалған. Акмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 1149 үй көшірілді. Нұра өзені бойында орналасқан Ақмола облысындағы он ауыл мен Астананың шетіндегі елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар.

сурет: ©Рушан Бараев, ©Айсұлу Баштаева

Н. Айдархан