- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қар мен жаңбыр:...
Қар мен жаңбыр: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото:
Yernar Almabek\Massaget.kz
"Қазгидромет" 4-6 қаңтарға арналған ауа райын ұсынды.
"4 қаңтардан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар циклондар сериясы еліміздің көп бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Еліміздің басым аймағында жаңбыр мен ,қар жауады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылайды, делінген хабарламада.
Алайда, кейін оны суық батыс антициклоны алмастырады. Жауын-шашын тыйылып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
"Алдымен батыста, содан кейін шығыс бағытта және елдің қалған бөлігінде осылай жалғасады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болады" - деп болжайды синоптиктер.
Т. Раушанұлы