Синоптиктер Қазақстанда 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, осы кезеңде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты фронтальды учаскелер Қазақстанға өз әсерін сақтайды. Жауын жауып арты қарға айналады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жаууы мүмкін.
"Республикада тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел соғады, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -2-10 градустан -18-23-ке дейін ауа температурасының төмендеуі, күндіз -5 аяздан -5-15-ке дейін төмендейді. Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус, күндіз -3-пен +3 градус аралығында болады. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -6 градус, күндіз +9-17 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік синоптиктер қараша айына арналған ауа райын ұсынған болатын.