Қазгидромет мамандары 10, 11 және 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстік жартысы антициклонның ықпалында қалады. Соның салдарынан жаңбыр жаумай, күн суық болады.
"Түнде бұл өңірлерде термометрлер - 17...28 градусқа дейін төмендейді. Республиканың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын болады, республиканың батыс облыстарында негізінен қар жауып, арты боранға ұласады, оңтүстікте жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын күшейеді, тұман, көктайғақ болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, елімізде жел күшейіп, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда көктемнің қандай болатынын айтқан болатын.