«Қ» әрпінен басталатын мақал-мәтелдер

«Қ» әрпінен басталатын мақал-мәтелдер
  • Қыз қылығымен.
  • Қызға қырық үйден тыйым.
  • Қызым үйде, қылығы түзде.
  • Қыз ــ қонақ.
  • Қатық ішіп сен отырсың, қатып-семіп мен отырмын.
  • Қотыр атқа соқыр ат үйір.
  • Қашаған айғыр үйірін құртар,
  • Қашаған еркек үйін құртар.
  • Қызғаншақ кісі қыртиғыш.
  • Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар.
  • Қарға қаз боламын деп таңы айырылыпты.
  • Қисықтың көлеңкесі де қисық.
  • Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
  • Қошқар болар қозының маңдайы дөң.
  • Қиялы-көкте, құйрығы-төсекте.
  • Қатқан етте қан болмайды, өтірікшіде ар болмайды.
  • Қанатсыз жебе қағыс кетер.
  • Қасіреттің кеселін, қажыр-қайрат жеңеді.
  • Қыңыр ағашқа өткір балта.
  • Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді.
  • Құдаңның түйесін сұра, қорыққанынан биесін берер.
  • Қонысы жоқтың соры бар, Қонысы бардың қоры бар.
  • Қаусет біткен күмәнді.
  • Қайтып келер есігіңді қатты серіппе.
  • Қатынына қарай қазаны.
  • Қазанда не болса, шөмішке сол ілінеді.
  • Қойға қоңырау жараспас.
  • Қайғысыз қара суға семіреді.
  • Құтырған әкім құдайсынар.
  • Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі, Қасыңды бос ұстасаң, төбеңді теседі.
  • Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер.
  • Қырықтың бірі- Қыдыр.
  • Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
  • Қалыңдығына өкпелеген күйеу, қайнысына сәлем бермейді.
  • Қатарынан қалған кәрі жетім.
  • Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар.
  • Қасқырдан қайрат кетсе, ешкіні апа, текені жезде дейді.
  • Қарғайын десем-жалғызым, Қарғамайын десем-жалмауызым.
  • Қызыл алманың қышқылы бар.
  • Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
  • Қоянның өзін көріп, қалжасынан түңіл.
  • Қыс қатты, жаз тәтті.
  • Қақаған қарлы боранда, ұры мен бөрі қараңда.
  • Қаңғыбас ерге барғанша, қазулы көрге бар.
  • Қыз құшпаған ер арманда, Қызғалдақ жемеген қозы арманда.
  • Қызға қырық жігіт сөйлеседі.
  • Қазақтың ақылы көзінде, қасиеті сөзінде.
  • Қышығанда қатты қасынсаң, терлегенде удай ашыр.
  • Құтырғаннан құтылған артық.
  • Қотыр қолдан жұғады.
  • Қылдай сызат-құрудың басы
  • Қонақтың алтынын алма, алғысын ал.
  • Қырықтағы ақымақ-қырғын ақымақ.
  • Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: art.eubank.kz

M. Auelkhan