Халықаралық KNAUF тобының құрамына кіретін және жылу ұстағыштарды өндіру мен оларды жүйелі түрде қолдану саласындағы жетекшілердің бірі «KNAUF Insulation» компаниясы Қазақстанда өз бөлімшесін ашты.
«Бұл оқиға бүкіл Орталық Азия аймағындағы компания бизнесінің табысты дамуының қисынды кезеңі екендігі сөзсіз, - деді «KNAUF Insulation Kazakhstan» ЖШС басшысы Максим Кравцов. - Бұдан бұрын, 2011 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанда кішігірім «KNAUF Insulation» өкілеттігі жұмыс істеп келсе, енді өкілеттілік ауқымы кең және мүмкіншіліктері мол толыққанды компания ашылды. Мұның жасыл экономиканы дамыту және оның тұрақты түрде дамуына арналған Республиканың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға септігін тигізетін маңызды қадам екеніне сенімдімін. Біздің өніміміз Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Тәжікстан, Түркменстан мен Ауғанстанда табысты түрде сатылып жатқанын айта кеткім келеді. Соңғы 5 жылда Қазақстан мен Орталық Азиядағы сатылым мөлшері айтарлықтай артты. Ал «KNAUF Insulation Kazakhstan» ЖШС ашылуының арқасында біз 2014 жылы сатылым өсімі нарықтан біршама артады деп күтудеміз...».
Бизнес дамуының осы аймақтағы ежелгі тарихының арқасында қазірдің өзінде «KNAUF Insulation Kazakhstan» ЖШС-ның ауқымды серіктестік желісі – 60-тан аса компания бар. Компания республикалық маңызы бар құрылыс нысандары: мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, ауруханалар, емханаларға, өндірістік, сауда-ойын-сауық, спорттық және т.б. нысандарға қауіпсіз табиғи жылуұстағыштарын жеткізеді.
Компанияның жылуоқшаулағыш өндірісі бойынша Ресейде екінші орында тұрған және Қазақстанмен географиялық жақын орналасқан Түмен (Ресей) қаласындағы «KNAUF Insulation» жаңа зауыты бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша сатылымды қамтамасыз етеді және өнімді жеткізу жылдамдығының, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы айналымының артуына әрі көлік шығынының азаюына септігін тигізеді. Жоғары неміс үлгілері сапасына сәйкес жоғары сапалы өнім шығаратын инновациялық зауыттың географиялық тиімді орналасуы Қазақстан мен Орталық Азияның жылу оқшаулағыш материалдар нарығындағы «KNAUF Insulation» жайғасымын нығайтады.
«KNAUF Insulation» – жылу оқшаулағыш материалдарды өндіру саласындағы әлемдік жетекшілердің бірі және олардың қолданысы бойынша кеңінен танылған сарапшы. Компания дивизиондары 35-тен аса елде орналасқан және бүкіл әлем бойынша 30 зауыт тиімді қуаттық материалдарға артып келе жатқан сұранысты қанағаттандырып отыр. Компания айналымы 1,2 млрд еуродан асады. Қызметкерлердің жалпы штаты 5 000 адамнан асады.
Компания жайлы температураны ұстап тұру мақсатында ғимараттарға қуатты тұтыну мөлшерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы табиғи, қауіпсіз материалдарды кең ауқымда өндірумен қатар, мұны қоршаған орта мен адам денсаулығына деген қамқорлық ұстанымдарына сай жасайды.
2008-2010 жылдары «KNAUF Insulation» компаниясы фенолформальдегидті шайырсыз табиғи жылу ұстағыштар өндіретін инновациялық ECOSE технологиясын әлем бойынша бірінші болып енгізді. Бұл бірегей технологияға ең жоғары және беделді марапаттар белгіленді. ECOSE технологиясын қолданудың арқасында «KNAUF Insulation» материалдары адам денсаулығымен қатар, қоршаған орта үшін де қауіпсіз болып табылады.
KNAUF тобы – құрылыс өнеркәсібіндегі Ресей мен ТМД экономикасының аса ірі неміс инвесторы.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: «KNAUF Insulation» компаниясының қазақстандық баспасөз қызметі