Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау.
Байқаудың міндеті: Мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және оларды көтермелеу.
Байқаудың шарттары: байқауға тіл саясаты, мемлекеттік тіл ахуалы туралы өткір де өзекті материалдар жариялаған жекелеген журналистер төмендегідей номинациялар бойынша қатыса алады:
- «Баспасөздегі үздік журналист» - баспасөз материалдары бойынша;
- «Интернет сайттағы үздік журналист» - сайт материалдары бойынша;
- «Үздік тележурналист» - телебағдарламалары бойынша;
- «Үздік радиожурналист» - радиобағдарламалары бойынша.
Байқау 2013 жылғы 1 шілдеден бері қазақ және орыс тілдерінде жарияланған газет-журнал және сайт материалдарын, эфирден берілген теле-радио хабарларды қамтиды.
Байқауға қатысу. Жеке авторлар байқауға қатысу туралы Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш береді. Байқауға қатысатын материалдарын жарияланған түрінде (газет, журнал, сайт беттері, бейне және аудиожазбалар) өткізеді.
Байқаудың жүлдесі. Байқау Баспасөз күнінің қарсаңында қорытындыланады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен ақшалай немесе бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.
Телефон: 2631527; 87078070102. эл.пошта: nurkyz999@mail.ru. Қымбат Нұрсұлтанқызы.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: news.nur.kz