Бұдан былай жолдан кесіп өтіп бара жатып қалта телефонымен сөйлескен жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы ІІМ-нің ресми сайты хабарлайды.
Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұловтың айтуынша, көптеген көлік жүргізушілері жаяулардың жолдан өтіп бара жатып қалта телефонымен сөйлесуі олардың назарын басқа жаққа аударатынын айтып шағымданған.
Соған орай аталған комитетте қазір мұндай жүргіншілерге қатысты шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар «Жол қозғалысы туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөнінде жоба әзірленіп жатыр. Комитет төрағасының айтысына қарғанда, барлық жол қозғалысы қатысушыларының мүддесін ескере отырып, жолдардың кемшілігін бастапқы кезеңде анықтайтын арнайы ұйым құрылмақ.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: idrive.kz