Қазақтың танымында жел қыс пен жаздың қандай болатынын болжайтын синоптиктік хабаршы. Себебі күзде және көктемде жиі соғатын желдің күш-қуаты мен бағытына қарап, халық алдағы жыл мезгілінің жайлы, жайсыз болатынын аңғарып, соған орай қыс немесе жаз қамын алдын ала ойластыратын болған. Осы бір табиғаттың тылсым күші қыс мезгілінде ашуына енсе, дауылға, одан әрі боранға ұласатыны белгілі. Жалпы алғанда тілімізде кездесетін желдің түрлерін топтастыратын болсақ, төрт мезгілге ажыратып көрсетуге болады. Бұдан қазақ тілінде желге берілген атаулардың түрі өте көп екенін аңғарамыз. Назарларыңызға біз күн салқындай бастағанда байқалатын жел атауларын ұсынамыз. Қара дауыл екпінді, шаң-топырақты көтерген сойқанды, суық ызғарлы жел. Қара жел жауын-шашынсыз азынап соққан өкпек жел. Жаяу бұрқасын ызғары шамалы ғана қарлы жел. Жібек жел салқын самал. Мырза жел ақырын соққан баяу жел. Азынау жел гуілдеп соққан аңқыма жел. Алтын күрек оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел. Боранды жел қарды бұрқыратып ұйытқып соғатын ысқырық жел. Борасын қиыршықтап борайтын сырғыма жел. Бұрқасын жерге түскен қарды суырып соғар бәсең жел. Дауылшаңдатқан, борандатқан, алай-дүлей осқырған жел. Жатаған жел төмен, жер бауырлап ескен жел. Желең жел самалдап соғатын жел. Желемікәлсіз жел. Мұны өлкек, ексім деп те айтады Жоғары желбиіктен үйірген жел. Ексім желекпінді, қарқынды жел, өкпек жел. Ебі желшығыстан соғатын жел. Ебіқара ебі және ақ ебі болып бөлінеді. Қара ебі жазда, жер қарада, ақ ебі қыста қар ұшырып соғады. Ескек желесе соққан жел. Еспе желжелпінді еспек жел. Зулама желіркілмей соғатын екпінді жел. Көк дауылаязды қарлы боран. Көлденең желкесе көлбеу жел. Қайтыс желқарқыны басылған жел. Қарыма желбет қаритын өткір жел. Қара құйынтопырақ, құм боратқан жел. Қарсы желжүріс бағытқа қарсы соғатын жел. Қума желқуалай соғатын жел. Өксік желышқынған қатты жел. Тентек желала құйын есер жел. Үрме жел екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғар жел. Үскірік желкүзгі, қысқа құрғақ, суық жел. Ызғырық желөңменіңнен өтер суық жел. Ықтырма желадамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел. Боранқыстың қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі. Қарды бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуына қарай, бағытына қарай, уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды. Тіліміздегі боранның түрлерін жинақтай келгенде, боранның түрлі мінезді болатынын аңғардық. Ақ боран көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран. Ақ түтек бораналай-түлей түтеген боран. Ақ шұнақ боран бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран. Аққұйрықборан құрғақаязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран. Ақ жорға қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын боран. Алай-түлей түтеген боранұйытқыған немесе бората соққан қатты жел. Алақаншық боранбір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран. Дауыл бораносқырған жел. Долы боранекіленіп соғатын боран. Жаяу боранжаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран. Жөпшеңді боранкәдімгі боран. Қара борантүтеген шаңды аспанға көтеретін боран. Құм боранқұмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран. Майлы боранқойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран. Сұрапыл боранқаруы қатты боран. Сырғыма боранқарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран. Тас борансуырып соққан күші қатты боран. Тентек боранбір күшейіп, бір басылып соғатын боран. Түтек бораналай-түлей боран. Ұйтқыма боранұйытқи соққан қарлы боран. Үскірік боранқұрғақ, суық боран. Ызғырық боран өңменнен өтер ызғарлы боран. Дереккөз:reactor.inform.kz