Жексенбіде Алматыда веложүріс өтеді

Жексенбіде Алматыда веложүріс өтеді

5 мамыр күні Алматыда веложүріс өтеді. Шара Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерінің құрметіне ұйымдастырылып жатыр.

Веложүріс маршрутымен таныс болыңыздар:

Әл Фараби көшесі/Тәттімбет көшесінің қиылысы (тоннель) - Әл Фараби көшесінің бойымен - Науаи көшесіне дейін. Қатысуға ниет білдіргендер белгіленген орында 08.00-де жиылуы керек. Старт уақыты - 08.30. Финиш - Қазақстанның тұңғыш президенті паркінде. Дәл осы жерде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Шараға ниет білдірген кез келген азамат еркін түрде келіп қатыса алады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: thenews.kz

Massaget