Жаздың басынан 2 вагон билетсіз жолаушы тасымалданды

Жаздың басынан 2 вагон билетсіз жолаушы тасымалданды

Жаз маусымының басынан бері жеке компаниялар 2 вагон билетсіз жолаушыларды тасымалдаған. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Бахыт Әбішев осы орайда заңсыз жол жүру мен құжатсыз жүк тасымалдаумен күресу бағытндағы жұмысты күшейтуді тапсырды. "Жаз маусымында бұл проблема өршелене түседі. Жеке тасымалдаушы компаниялар билетсіз жолаушыларды вагонға кіргізіп, өзге жолаушыларды ыңғайсыз жағдайға қалдырады", - деді төраға.

ап

Мәселен арнайы рейд кезінде шілде айының ортасында "Қызылорда-Көкшетау" бағыты бойынша жол тартқан пойызда 98 билетсіз жолаушы анықталды. Бұл заңсыз әрекеттер плацкарт және купе типіндегі 13 вагонда орын алған. Осыдан соң бригаданың жұмысшылары Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 

Блогшы Елдос Рамазан осы мәселе туралы: "Менің ойымша темір жолдағы билетсіз жол жүретін жолаушылардың саны бұдан әлдеқайда көп. Алматы мен Ақтау арасында көп жол жүретін болғандықтан жол бойындағы заңсыздықтарды жақсы білемін. 2 вагон заңсыз жолаушы жаз басынан емес, әр рейсте бар десе дұрысырақ болады. Қарапайым жолаушы ретінде жолсеріктердің бұл бизнесіне тосқауыл болғанын қалаймын", - деген пікір айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz, magnolia.kz