- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Жауын, көктайғақ және...
Жауын, көктайғақ және жел: алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанның 9, 10 және 11 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, циклонның әсерінен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінің басым бөлігінде жаңбыр жауады, атап айтқанда, республиканың батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады, қар жауады.
“Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы түнде - 10 градус, күндіз ауа температурасы +5 градус;
Оңтүстік-батыста, түнде - 2 градус, ал күндіз +10 градус;
Солтүстікте 3 градусқадейін жылы болады”, - делінген хабарламада.
Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада жел секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын
Т. Раушанұлы