«Жасыл Қазақстан» : Оқушылар арасында экобайқау өтеді

«Жасыл Қазақстан» : Оқушылар арасында экобайқау өтеді
Фото: 360tv

Бүгін үкімет отырысында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы мен «Жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері» қаралы. Бұл ретте «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының 2021-2025 жылдар аралығандағы іске асыру талқыланды.

Осы  уақыт аралығында «Жасыл Қазақстан» жобасы:

• 4 бағыт;

• 11 міндетті;

• 19 көрсеткіш;

• 48 іс-шараны қамтиды.

Бағыттар:

1. Таза Қазақстан;

2. Үнемді Қазақстан;

3. Табиғат;

4. Экология болашағы.

Мақсаты:

• 2025 жылға қарай халықтың қанағаттанушылығын экологиялық сапаның 80 пайызға дейін көтерумен қамту;

• ҚР ЖІӨ қуат мөлшерін 2025 жылға дейін 2015 жылдың деңгейінен кем дегенде 20 пайызға төмендету;

• 2025 жылға дейін елдің ормандану деңгейін 5 пайызға жеткізу.

«Былтыр ұлттық жобаны жүзеге асыруға 89,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 27,6 миллиард жергілікті бюджеттен 15 миллиард, бюджеттен тыс 46,7 миллиард теңге бағытталды», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешев.

Экология министрінің айтуынша, биыл да «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірқатар шаралар өткізіледі.

«Биыл ұлттық жоба шараларын іске асыру бойынша 160,9 миллиард жоспарланған. Осы жылдың бірінші жартысында жоспарланған көрсеткіштер орындалып жатыр», - деді Серікқали Брекешев.

Экология минстрі әр бағыт бойынша толық ақпарат беріп, әрқайсысына тоқталып өтті.

«Атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында 10 ірі қалада 5 жыл ішінде 16 ірі кәсіпорында зиянды шығарылымдар 20 пайызға қысқартылу көзделіп отыр. Былтыр 16 кәсіпорын ауаға 655 мың тонна лас ауа шығарған. Бұл 2020 жылғы деңгейден 3 пайызға төмен. Енді осы көрсеткіш 2022 жылдың 6 айында 6,7 пайызға қысқарды. Табиғатты қорғау шаралары өнеркәсіпті модерзинациялау арқылы қол жеткізілді. Ол үшін кәсіпорындар өз қаржысынан 15,4 миллиард теңге бөлді», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Қалдықтарды басқару саласы бойынша ұлттық жобада 3 көрсеткіш және 16 іс-шара енгізілген.

«Өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 3005 полигонның 639-ы экологиялық нормаларға сәйкес келтірілді. Бөлек жинау үшін 3876 контейнер орнатылды. Жамбыл облысында 870 мың тонна түйіршіктелген шлак өңделді. Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң салынды. Павлодар облысында ластанған Былқылдақ көлін оқшаулауға арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр», - деді Серікқали Брекешев.

Еліміздегі су нысандарын сақтау және суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру үшін каналдарды соның ішінде Балқаш көлін модерзинациялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Сырдария өзенінің 50 шақырымы тазартылды. Былтыр 22 канал цифрланды. Биыл 89 каналды цифрландырамыз. Биыл Балқаш көліне 12 клилометр текше су ағымын қамтамасыз етілді», - деді министр.

Экология министрі Аралды сақтау шаралары бойынша да айтты.

«Аралды сақтау үшін қазіргі уақытта теңіздің солтүстік бөлігін дамыту бойынша техникалық жоспары әзірленіп жатыр. Сонымен бірге Ақтөбе облысында Шалқар көлін тазарту жұмысы жалғасып жатыр.», - деді министр.

Биоалуантүрлілікті сақтау бойынша ұлттық жобағға 3 міндет енгізілген. Оның ішінде 3 көрсеткіш және 8 шара қабылданды.

«Ұлытау даласының экожүйесін сақтау мақсатында мемлекет башысы Тоқаевтің тапсырмасымен ауданы 58,9 мың гектар ұлттық паркі құрылды. Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы бойынша облыс әкімдіктері орманды қалпына келтіру кешенді жоспарын бекітті. Интерактивті карта дайындалып керекті құрал-жабдық пен техника сатып алынды. Өткен жылы жоспарланған 44,3 гектар орнына 66 мың гектар алқапқа 138 миллион ағаш отырғызылды. Биыл көктемде ағаш отырғызылуға жоспарланған 66,9 мың гектардың 39 мың гектарына 106,4 миллион ағаш отырғызылды. Орман дақылдарының негізгі көлемін аяқтау күз мезгіліне жоспарланған. Сонымен бірге мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 100 мың гектар аумаққа сексеуіл отырғызылды. Биыл 250 мың гектар жерге сексеуіл отырғызу жоспарланған.  Осы жылдың көктемінде 12 гектарға сексеуіл отырғызылды. Қалған 238 мың гектар алқапқа күзде сексеуіл отырғызылады. Осылайша жоспарланған іс толығымен орындалады», - деді Серікқали Брекешев

Экология болашағы

Эклолгия болашағы бойынша былтыр жалпы мектептегі 6 сыныптың бағдарламасына экология курсы енгізілді. Енгізу халықаралық тәжрибені есекере отырып экологиялық, биологиялық факултативті әдістемелер әзірленді. Биыл жыл сайын өтетін «экобілім берудің үздігі» ұлттық байқауын өткізілу жоспарланған. БҰҰ PHD бағдарламасының қолдауымен экологиялық ақпарат көзімен қамтылғандар санын арттырып экологиялық мәдениетті қалыптастыру ұлттық медиа жоспарының тұжырымдамасы дайындалды. Бұл тұжырымдама қоғамдық экопікірді қалыптастыру үшін ақпараттық түсіндіруді ұсынады», - деді Серікқали Брекешев.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап бюджеткодексіне экологиялық төлемдердің 100 пайызын табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсау туралы норма енгізілген.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруын тұрақты бақылау мониторинг министрлігінің жобалық кеңсесінде  апта сайын жүргізіледі.

Т. Раушанұлы