Қазақстанның жастар конгресі Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Жастар көшбасшылығының мектебі" атты білім беру тренингін өткізбекші.
Таратылған ақпарат бойынша, шараның мақсаты жастар арасында патриоттықты насихаттау, олардың көшбасшылық қасиеттерін оятып, әлеуметтік, азаматтық белсенділігін жақсарту.
Ертең, яғни, 2012 жылдың 8 қарашасында өтетін жиынға түрлі жастар ұйымдарының белсенді мүшелері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері келіп қатысады.
Тренингті психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының "Әлеуметтік саясат" кафедрасының профессоры Лейлә Асылбекова өткізеді.
Курс қатысушыларға шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы жүргізіледі. Әрбір оқушыға баға қойылып, "Жастар көшбасшылығының мектебі" арнайы сертификат беріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренинг жастар арасындағы патриоттықты дамытып, қоғамдағы бірлік пен тыныштықты одан әрі өркендетуге серпін болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: arinineao.ru