Қазгидромет мамандары 28, 29 және 30 мамырдағы Қазақстандағы ауа райын хабарлады.
Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
"Жаңбыр жауып, күн күркірейді, 28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар, дауыл тұрып, бұршақ жаууы да ықтимал. Түнде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.
Тек Қазақстанның батысында батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елімізде жел күшейеді деген болжам бар.
Синоптиктердің айтуынша, келесі аптадан күн қайтадан жылынады.
"Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа, солтүстікте 23-28, градусқа дейін, орталықта - 25-30-ға дейін жылынады", - деп хабарлайды синоптиктер.