- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Жаңбыр, қар, көктайғақ:...
Жаңбыр, қар, көктайғақ: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтің синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандар аязды ауа-райын жауын-шашынсыз ұстап тұрған ауқымды антициклон тек шығыс облыстарға ғана әсерін сақтай отырып, біздің елімізден ығыса бастайтынын атап өтті.
“Ал солтүстік-батыстан үлкен ылғал қоры бар циклон келе жатыр. Соның салдарынан жаңбыр, қар жауады. 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын, сондай-ақ жел мен көктайғақ болады. Аталған кезеңде Қазақстанның солтүстігінде күн суытып, термометр 2-10 градус аязды көрсетеді”, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазгидромет ақпан айы бойы қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын. Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Синоптиктердің айтуынша, ақпан айының бірінші онкүндікте күн суытады.
Т. Раушанұлы