Жаңа жыл қарсаңы: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желтоқсанның соңғы аптасына арналған ауа райы болжамына сәйкес 2020 жылдың 25 желтоқсанынан 31 желтоқсанына дейін Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Оның себебі - Солтүстік антициклон.

"Термометр бағандары 35-42 градус аязға дейін жетеді. Оның күшеюі бүкіл Қазақстан бойынша ауа райы салқындауына әкеледі. Кезеңнің ортасында жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон қозғала бастайды - жауын-шашын мен қар түрінде жауын-шашын, сондай-ақ ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай суық антициклонның тағы бір енуі болжанып отыр, соған байланысты жауын-шашын тоқтайды, тағы да аяз келеді: Қазақстанның солтүстік өңірлерінде түнде ауа температурасы 35-45 градус аяз болады", - деді Қазгидромет.
 
Батыста аптаның бірінші жартысында жауын-шашын (көп жағдайда қар) күтіледі, жел күшейеді. Кей жерде тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -7-20 градус, оңтүстікте 0,-5-тен -15-28 градусқа дейін ауытқиды.

Желтоқсанның соңғы аптасында солтүстік-батыста қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы - түнде -10-15-тен -25-35 градусқа дейін, күндіз 0,-10-нан -15-25 градусқа дейін.

Солтүстікте қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы - түнде -10-15-тен -35-45 градусқа дейін, күндіз 0,-10-нан -25-35 градусқа дейін.

Республиканың орталығында қар жауады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы - түнде -15-25-тен -35-45 градусқа дейін, күндіз -5-15-тен -25-35 градусқа дейін.

Шығыста қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы түнде -10-25-тен -37-45 градусқа дейін, күндіз -7-15-тен -25-35 градусқа дейін.

Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Кей жерде тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы түнде 0,-17-ден -10-22 градусқа дейін, күндіз +2+ 7, солтүстікте -3-8-ден -2-7 градусқа дейін.

Оңтүстік-шығыста қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі. Ауа температурасының ауытқуы түнде -4-28-ден -10-35-ке дейін, күндіз 0,-20-дан -5-25 градусқа дейін.