- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Хан Тәңірі неге...
Хан Тәңірі неге «қанды тау» аталды?
Қазақтар «Аспантау» дейтін Тянь-Шань тауының биік шыңдарының бірі – Хан Тәңірін білмейтін адам жоқ. Ол шың қазақ, қырғыз және қытай елінің шекарасы түйіскен жерде орналасқан. Ең биік нүктесі 7000 метрден асатын бұл шың – әлемдегі ең әдемі шыңдар қатарына жатқызылады.
Оның төртқырлы пирамида тәріздес шыңын жыл он екі ай қар басып, үнемі тұман бүркеп тұратындықтан ол туралы аңыз-әфсана жетерлік. Мәселен, шың басы күн ұясына батарда өзгеше алаулап, қызыл түске боялады. Осыған байланысты Хан Тәңірі шыңын қазақтар «қанды тау» десе, ал қырғыздар «кантоо» деп атайды.
Шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі 1856-1857 жылдар болып саналады. Ол уақытта орыстың П.П. Семенов есімді географы Тянь-Шаньға жасаған сапары барысында жол бойы көрген-білгенін хатқа түсіріп отырған.
Хан Тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді екен.
Дереккөз: nationalgeographic.kz
Г. Берік