- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Есімов Алматы қаласының...
Есімов Алматы қаласының бас шыршасын жақты
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаламыздағы басты шыршаны жақты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып.
Бұл жолы салтанатты рәсім Республика Сарайының алдында өтті. Ахметжан Есімов кеш басында барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, артынша келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен де құттықтады.
Ахметжан Есімов: «Бүгін барша Қазақстан Тұңғыш Президент күнін атап өтуде. Осыдан 23 жыл бұрын, 1991 жылы 1 желтоқсанда халқымыз өз көсемін сайлады. Арада небары 15 күн өткен соң еліміз тәуелсіздік алды. Бұл өте қиын шақ еді. Ал бүгін Республика Сарайындағы «Абай» ескерткішінің алдында қуанышты себепке байланысты жиналдық. Қазір үлкендердің алдына қойған мақсаты – жылды сәтті аяқтау болса, сіздер үшін де маңызды сәт тууда. Жылдың алғашқы бөлігін табысты аяқтауларыңыз қажет. Қаламызда әкімшіліктің арқасында жүзеге асатын түрлі мерекелік шара көп. Бұл, ең алдымен, Жаңа Жылды, шыршаны, сыйлық пен тосын сыйды күту. Жаңа жылда жаңа табысқа жетіп, республикамыз өркендесін, алдыларыңызға қойған мақсаттарыңызға жете біліңіздер. Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Баршаңызға денсаулық пен береке-байлық тілеймін!"
Мұнымен қатар әкім өткен жылдың Алматы қаласында білімге арналғандығын айтты. Осы уақыт ішінде 10 000-ға жуық алматылық пәтер кілтіне ие болып, жаңа мектептер мен балабақшалар салынған еді.
Әкім құттықтау сөзінен кейін шыршаны жақты. Артынша Аяз ата мен Ақша қар қатысқан концерттік бағдарлама өтті. Бағдарлама соңында отшашу болды. Аталған шара қаламыздың өзге аудандарында да жалғасын тапты.
Сурет: Tengrinews.kz
Қ. Бүйенбай