Оңтүстік астананың әкімшілігі ертең, яғни 19 қазан күні Алматы қаласында жылу жүйесі қосылатындығын мәлімдеді.
«Алматы қаласында жылу жүйесін қосу 20 қазанға жоспарланып, әкімнің қолы қойылған болатын. ҚНЖЕ хабарлауы бойынша, егер қалада үш күн бойы ауа-райы көрсеткіші +8-ден төмен болса, онда жылу жүйесі қосылатындығы айтылған. Бірақ +8-ді ауа-райы көрсеткіші бүгін ғана көрестіп тұр, сонда да жылу жүйесін ертеңнен бастап қосу үшін іске кірісіп кеттік», - деді қаланың энергетика және коммуналдық басқармасының бастығы Серік Түтебаев.
Бірақ қаланың кейбір аудандарына жылу жүйесі сәл кешігіп жетеді. Қалқаман ауданына Саин-Жұбанов көшелеріндегі транспорттық жол жөндеуге байланысты жылу жүйесі бір күн өткен соң жететін болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: alternativenergy.ru