- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Ертең елімізде қар...
Ертең елімізде қар жаууы мүмкін
Биылғы жылдың ең алғашқы қары ертең түсуі мүмкін. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ның инженер-синоптигі Гүлмира Әкішеваның сөзіне сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлады.
«4-5 қазанда еліміздің солтүстік өңірлерінде, Шығыс Қазақстан облысында және Алматы облысының таулы аудандарында алғашқы қардың түсуі ықтимал. Алайда бұл қар тез еріп кететін болады»,-деді ол.
Г. Әкішеваның сөзіне сенсек, ауа райының ұзақ мерзімді болжамы бойынша, қараша айының басы жылы болады деп күтілуде. Ал қыстың түсуі қарашаның екінші жартысында басталмақ.
«Қаңтар айы суық болады деп жоспарланып отыр. Ал ақпан және наурызда ауа райы қалыпты деңгейде байқалады. Биылғы қыс 2010 және 2011 жылдардағы қысқа ұқсас болады»,-деп түйіндеді ол.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: studio-lora.blogspot.com
Б. Қосмағамбет