Синоптиктердің болжауынша, 27 қыркүйек күні елдің батысы мен солтүстігінде жауын жауып, екпінді жел соғады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады.
Елдің басқа аймақтары жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы желдің жылдамдығы 15-20 м/c болса, Алматы облысының кейбір жерлерінде 25 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысында тұман түседі. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауа температурасы 0-3 градусқа дейін түссе, елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы өрт шығу қаупі сақталады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ©РИА Новости