Ертең, 30 наурыз күні, Алматыда "Нағыз Алматыша" атты әлеуметтік жоба аясында қалалық сенбілік өтеді.
"Шара Алматыны шын көңілімен сүйетіндерге арналған. Тіпті қала қонақтарын да шақырамыз. Тұрғылықты жеріміздің таза болғанын қаласақ, өзімізден бастайық. 30 наурыз күні өтетін сенбілікке шақырамыз. Өзіміз үлгі көрсетіп, халықты тазалыққа шақырайық. 30 наурыз күні сағат 09.00-де Абай және Шәріпов көшелерінің қиылысында жиналамыз. Ұйымдастырушылардың тарапынан жүк көлігі ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Массагет те қала тұрғындары мен қонақтарын бұл игі шарадан қалыс қалмауға шақырады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суерт: tengrinews.kz