Ерекше есімді адамдар

Осыдан бірнеше жыл бұрын Франция елінде 1792 деген санмен аталған жанұя өмір сүріпті. Ол өзінің бауыр етінен туған балаларына ай атауларын қойған. Осылайша оның төрт баласы: Қаңтар 1792, Ақпан 1792, Наурыз 1792 және Сәуір 1792 деп аталып кеткен. 1792 мырзаның ең соңғы тұяғы Наурыз 1792 1904 жылы қыркүйек айында қайтыс болған.

Америка мемлекетінің Чикаго қаласында Джексон отбасы бес баласына Менингит, Ларингит, Аппендицит, Перитонит, Тонзиллит деген есімдерді берген.

Кандхмала ауылында «Мен картошканы жақсы көремін» деген адам бар екен.

Әлемдегі ең танымал көрсеқызар суреттерді салып қалдырған Пабло Пикассоның атында бір үлкен мән жатыр.  Оның толық аты-жөні – Пабло Диего Хозе Франциско де Паула Хуан Непомукено Криспин Криспиано де ла Сантисима Тринидад Руиз и Пикассо. Есімінде 93 әріп бар. Бізге бұл жағдай ерсі болып көрінгенімен, испандықтар үшін қарапайым нәрсе.

Маңғыстау облысының бір тұрғыны баласына Нью-Йорк есімін берген. Ал Оңтүстік Қазақстанда бір әйел дүниеге Дағдарыс есімді жігітті алып келді.

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ұлдарының есімін Шәмші-Қалдаяқ, Мұхтар-Шахан, Бекзат-Саттархан деп қойған.

Елімізде 95 Нұрсұлтан Назарбаев бар екен. Барлығы да тәуелсіз елдің құрдастары.

Психологтар адам есімінің өз өміріне тікелей қатысы барын айтады. Балаға ұлы адамның есімін қою психологиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір жауапкершілікті жүктеп, баланың атына заты сай болып өсуіне, сол тұлғаға еліктеп, жақсы үлгі алуына оң ықпал етеді екен. Мағынасыз есімдерге келсек, ол адамды түрлі қиын жағдайларға итермелеп, іштей қуыстануы сияқты келеңсіз жағдайларды бастан кешуіне себеп болады. Сол себептен, балаңызға есім қояр алдында «Жеті рет өлшеп бір рет кес» деген аталы сөзді естен шығармаған жөн.

Төменде есімнің әріптік жүйе бойынша мағыналы түсініктемесі:

А - күш-қуат, билік

Ә - әдемілік

Б - сезімталдық

В - тұрақсыздық

Г -  құпиялылық

Ғ- кір-қожалақ, тазалықты сақтамау

Д - көпшілдік

Е - өмірге төзімділік 

Ж - сенімсіздік

З - ішкі түйсік

И - рухтандырушылық

К -  жылдамдық

Қ - қырағылық

Л -  әртістілік

М - қамқоршылдық 

Н - алғыр ақыл

Ң - жүректілік

О - сезімталдық

Ө - өнер

П - қарапайымдылық

Р – өз-өзіне сенімді

С – парасат

Т - мінсіз адамды іздеу

У –ренжігіштік

Ұ - шыдамсыздық

Ү- еліктегіш

Ф - нәзіктік

Х – тартымдылық

Һ- жауыздық

Ц - мақтаншақтық

Ч - берілгендік

Ш -қызғаныш

Щ - интеллект

Ы - тиімділік

Ь - жұмсақтық

Э - қызығымпаз

Ю - менмендік

Я – өзінің атынан ғана сөйлеу

Болашақта балаңыздың атын не нәрсеге сүйеніп қоймақсыз?

Оқи отырыңыз:

Қазақстан жайлы қызықты топтама

Демалысты пайдалы өткізгіңіз келсе...

Қазақстан туралы ең қызықты мәліметтер

Алматылық студент қазақша комикс салып жатыр

 

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: Massaget.kz,ditravelvip.com,www.etoday.ru,pda.top.rbc