Бүгін ерекше мереке. Мұны әрбір қазақстандық білуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту, оларға жәрдемдесу осы мерекені атап өтетін қызметкерлердің мерекесі деп айтсақ болады. Олар –әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Жарлығымен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылған еді. Сол уақыттан бері осы сала министрлік халық үшін аянбай еңбек етіп келеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізгі қызметі мыналар:
1) Еңбек және еңбекке ақы төлеу;
2) Жұмыспен қамту;
3) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
4) Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру;
5) Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер;
6) Көші-қон;
7) Бизнесті мемлекеттік қолдау.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылары кімдер?
Дүйсенова Тамара Қасымқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Әлеуметтік жұмыс - тек білім мен білікті ғана емес, басқа адамның ауырсынуын түсіну және сезіну үшін өз жүрегін ашуға дайын болуды талап ететін ерекше мамандықтардың бірі. Адамдардың бұл өмірдегі міндеті – өзі секілді өзге де адамдарға жәрдемдесу. Осындай еңбек саласында жұмыс жасайтын адам үшін ең жақсы тілек –көмекке лайық адамдардың алғыс білдіруі.
Естеріңізге сала кетейік, Еңбек күні мерекесін қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өту 2013 жылдың 22 қарашасында Елбасы Жарлығымен бекітілді. Мереке мақсаты - Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясының аясында өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау мен еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.