- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Ең соңғы күндегі...
Ең соңғы күндегі істейтін 9 іс
2014 жыл кетіп барады. Осы жылда істеп үлгере алмай қалған істеріміз көп болса да, оған бола өкінбей, ең соңғы күнді де, сағатты да, минутты да дұрыс пайдалануға, осы сәттерден де кеш қалмауға тырыссақ.
1. Өз-өзіңізге, достарыңызға, отбасыңызға кішікентай болса да есеп беріңіз. Биыл мен не істей алдым, не істей алмадым. Келесі жылы не істемекпін дегендей...
2. Алыс қалада, туған ауылдан жырақта жүрсеңіз міндетті түрде ата-анаңызға телефон шалып құттықтау айтыңыз. Жақсы тілектер тілеп оларды қуанышқа бөлеңіз.
3. Достар арасындағы түсініспеушіліктерді, қателіктерді кешіріп, жаңа жылға жаңаша шабытпен қадам басыңыз.
4. Сүйіктіңізді құшақтаңыз. Оның сізбен бірге өткізген бір жылы үшін рахмет айтыңыз.
5. Егер бойдақ немесе басыңыз бос болса – ештеңеден де алаңдамаңыз. Өз-өзіңізге сеніммен қарап жаңа бір жылдың ішінде өзіме лайықты жұп табамын деп серт етіңіз.
6. Достарыңызбен, отбасыңызбен бірге тойлаңыз.
7. Өткен жылдағы өкініш, қайғы-қасіреттерді ұмытыңыз.
8. Жұмысыңыз жайлы, оқуыңыз жайлы нақты жоспар құрыңыз.
9. Бәрін реттеп болсаңыз. Онда не қарап отырсыз?! Жаңа жылды қарсы алыңыз.
Сурет: usahumor.com
M. Auelkhan