Елтаңбамыздың авторы, Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің зерттеушісі Жандарбек Мәлібеков EXPO-2017 көрмесіне жобасын ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кешен «Нұраспан» деген атау алды. Оның өзге жобалардан ерекшелігі – ұлттық колорит. Туынды тамыз айының 14-16 күндері Астанада өткен көрмеде таныстырылды.
EXPO-2017 көрмесіне қатысты конкурстың қортындысын бір айдан кейін жарияланып, жеңімпазға 150 мың доллар табыс етіледі.
EXPO-2017 Астанада 2017 жылы өтеді. Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы». Оған 100 мемлекеттен 8 миллион адам қатысады деп күтілуде.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: news.nur.kz