Кеше Астана қаласы Жастар сарайында "Жастар Жалыны 2015" фестивалі аясында жастар саясаты мəселелері басқармасының ұйымдастыруымен "Бес жарым ғасыр жырлайды" атты жас ақындар айтысы өтті, – деп жазады kazaitys.kz.
Белгілі айтыскер ақындар Қонысбай Əбіл, Айнұр Тұрсынбаева, Серікзат Дүйсенғазы қатарлы ақындардың қазылық етуімен Сырым Əуезхан, Данияр Алдабергенов, Байсал Иса, Əли Əбдіхалық, Аруна Керімбек, Раушанбек Шарапат, Есбол Насырқожа, Нұрқанат Қайрат сынды ақындар бақ сынасып, сөз сайыстырды.
Астана студенттері арасындағы "Жастар жалыны 2015" фестивалінде айтыс өнерімен қатар əн, би, поэзия, театр өнері, үздік бейнеролик, үздік фото, үздік блогер жəне үздік селфи сайыстары өтіп жатыр. Аталмыш айтыс әділқазылардың қорытындысы бойынша Сырым Əуезхан, Данияр Алдабергенов, Аруна Керімбек атты үш ақын жүлдегер атанды. Жалпы жобаның қорытынды концерті 16 наурызға белгіленді.
сурет: voxpopuli.kz