- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Елордада кейінгі 20...
Елордада кейінгі 20 жылда ауа райы қалай өзгерді?
Қазгидромет өкілдері тәуелсіздік жылдары Қазақстанның елордасында ауа райы қалай өзгергенін сипаттады.
Елдің солтүстік бөлігіндегі ең суық ай – қаңтар. Соңғы жүз жылдағы елдің басты қаласындағы орташа температура минус 14,2 градус, түнде температура 20 градустан төмен түсіп, күндіз минус 10 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Елордада абсолют минимум 1893 жылдың қаңтарында тіркелген - минус 51,6 градус.
Ең ыстық ай – шілде: орташа температура 20,8 градус, түнгі температура орта есеппен 15 градус, ал күндіз ауа 26 градусқа дейін жылынады. 1936 жылдың 22 шілдесінде Нұр-Сұлтанда ауа температурасының абсолют максимумы тіркелді - плюс 41,6 градус.
Осы ғасырда, 2001 жылдан 2020 жылға дейін, ең жоғары температура - плюс 40,1 градусқа жетті, ол 2005 жылдың 7 шілдесінде болды. Ең төменгі температура - минус 40,6 градус - 2012 жылдың 15 желтоқсанында тіркелді, бұл 1893 жылдың абсолют минимумынан 11 градусқа жоғары.
Желдің күші төмендейді
Жылдың барлық маусымында желдің орташа жылдық жылдамдығы соңғы 20 жылда секундына 3,6 метрден 2,8 метрге дейін төмендеді. Желдің басым бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік бағытқа өзгерді.
Жылдың барлық айында желсіз күндер көбейіп келеді. 2000 жылдарға дейін тымық күндер саны 35-тен 51-ге дейін өзгеріп тұрса, содан кейін бір жыл ішінде 55-81-ге дейін өсті. 2020 жылы ондай күндер саны тамызда байқалды.
Боран мен шаңды дауылдар азайды
1980 жылдан бастап 2000-ға дейін жылына 27 боранды күн болатын, ал 2001-ден 2020 жылға дейін ол жылына 14 күнге дейін төмендеді.
Жылдың барлық маусымында боран мен шаңды дауыл сияқты ауа райының қолайсыз кездері азайды. 2001-2020 жылдар аралығында боранды күндер саны 27-ден 14 күнге дейін екі есе азайды. Шаңды дауылдар 11-ден 9 күнге қысқарды.
Астананың қатал қысы әлсіреді
Деректерді талдау нәтижесінде соңғы 20 жылда қаланың қысы қатал сипаттан, орташа қаталға өзгерді.
2001-2020 жылдар аралығындағы кезеңде:
- желдің орташа жылдық жылдамдығы соңғы 20 жылда секундына 3,6 метрден 2,8
- метрге дейін төмендеді;
- тымық күндер екі есе өсті;
- боранды күндер саны екі есе азайды - 27-ден 14 күнге дейін;
- шаңды дауыл соғатын күндер саны 11-ден 9-ға дейін азайды;
- қаланың қысы қатал сипаттан орташа қаталға өзгерді.
Бүгін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз 24 градусқа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, секундына 4-7 метр жылдамдықпен солтүстік жел соғады.
А. Оралқызы