- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Елордада балауыз мүсіндер...
Елордада балауыз мүсіндер көрмесі ашылды
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында мультфильмдердің кейіпкерлері, актерлардың, тарихи тұлғалардың балауыздан жасалған мүсіндері көпшілік назарына ұсынылады. Көрмеге санкт-петербургтік балауыз портрет шеберлері дайындаған 40-қа жуық фигура қойылады.
Келушілер ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын, танымал футболшы Пеле, әйгілі боксшы Майк Тайсонның мүсіндерін тамашалайды. Көрмеде «Ұлттық аң және балық аулау», «Жұлдыздар соғысы», «Аватар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Сақиналар әміршісі», «Гарри Поттер» және т.б. фильмдердің кейіпкерлерін де көруге болады.
Экспонатты дайындау үшін оның күрделілігіне қарай жарты жылдан бір жылға дейін уақыт кетеді. Мүсіндер балауыздан және қазіргі заманғы материал – силикон пайдаланылады. Ал көздері нағыз көз протездерінен жасалады.
«Біз 40 экспонат әкелдік. Кейіпкерлер қызық, жастарға үлгі боларлықтай. Көрме бәріне де ұнайды. Әр фигурамен 15-ке жуық маман жұмыс істейді. Алдымен мүсінші, ол фигураны түпнұсқасына ұқсатып жасауға және барлық антропологиялық белгілерін сақтауға тырысады, оны түпнұсқаға барынша ұқсатады, бойын, сырт келбетін, т.с.с.», - дейді Сан-Петербор қаласының балауыз мүсіндер көрмесінің әкімшісі Раиса Путилина.
Фигураларды Сан-Петербордан Астанаға жеткізу оңай болды. Экспонаттар құрастырмалы, бастары мен қолдары мұқият буып-түйіледі, денелері пластиктен әзірленеді.
Айта кетейік, қазақстандық суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетовтің де үш туындысы көрмеге шығарылды. Өнер иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың, Барак Обаманың және Абылай ханның мүсінін жасаған.
Балауыз мүсіндер көрмесі шілденің 13-інен тамыздың 21-іне дейін күн сайын сағат 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.