- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Еліміздің ең бай...
Еліміздің ең бай 10 тұрғыны
Forbes Kazakhstan журналы "Республиканың игілігі" деген атпен еліміздің ең бай тұрғындарының тізімін жасады. Бұл тізімде тек бұрыннан белгілі адамдардың есімдері кездесіп қана қоймай, көлеңкеде қалып қоюды жөн көрген бизнесмендер де бар екен.
Алғаш болып тізімді бастаған Kazakhmys PLC директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким. Сарапшылар оның байлығын 3,5 миллиард долларға бағалап отыр. Айта кетсек, 2011 жылы Ким мырзаның осы қызметтегі еңбекақысы 1,768 миллион фунтты құраған (шамамен 2,9 млн АҚШ доллары). Ал ағымдағы жылы 1,062 миллион фунт стерлинг болды. Сондай-ақ, Владимир Ким Kazakhmys PLC компаниясының 25,7 пайыз акциясының иегері.
Forbes Kazakhstan жасаған рейтингтің екінші сатысына Eurasian National Resources Corporation (ENRC) иегерлерінің бірі Алиджан Ибрагимов орналасты. Оның байлығы 2,9 миллиард долларды құрайды екен.
Ең дәулетті қазақстандықтардың алғашқы үштігін Рашид Сарсенов қорытындылады. Дерек көздеріне сенер болсақ, Рашид Сарсеновтің бүгінге дейінгі табысы 1,8 миллиард долларды құраған.
4. Болат Үтемұратов - 1,6 миллиард доллар. Метрокомбанк, АҚ "NOVA Лизинг" және ИК "Верный капитал" акционері.
5. Динара Құлыбаева - 1,258 милиард доллар. АҚ "Холдинговая группа "АЛ-МЭКС"-тің директорлар кеңесінің төрайымы.
6. Тимур Құлыбаев - 1,258 миллиард доллар. Kazenergy мұнай-газ кешені кәсіпорындар қауымдастығының төрағасы, "Атамекен" ҰЭП президиумының төрағасы, "Газпром" директорлар кеңесінің мүшесі. Жары Динара Құлыбаевамен бірге АҚ "Холдинговая группа "АЛМЭКС" империясының иегері.
7. Нұржан Сұбханбердин. $900 млн. АҚ "Казкоммерцбанк"-тің негізгі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.
8. Асқар Алшынбаев. $750 млн. Бермудта тіркелген Meridian Capital Ltd компаниясының дауысқа салынатын 41 пайыз акциясының қожайыны.
9. Айгүл Нуриева. $720 млн. 2005 жылдан бастап, бүгінге дейін Bodam B.V. директоры. 2007 жылдың наурыз айынан бастап, АҚ "Қазақтелеком"-ның директорлар кеңесінің мүшесі. 2008 жылдан бері АҚ "Alnair CapitalHolding"-тің басқарушы директоры және жалғыз мүшесі ("Казкомның" 28,76 пайызы).
10. Евгений Фельд. $700 млн. Meridian CapitalPartners компаниясының басқарушы директоры. Сондай-ақ, Санкт-Петербург үкіметінің кеңесшісі.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: xaxatoon.ru
Ж. FM