Синоптиктер3-5 шілде күндеріне арналғанауа райы болжамын жария етті. Олардың мәліметінше, 4, 5 шілдеде кей өңірлерде найзағай мен өткінші жаңбыр, күшті екпінді жел мен ыстық күн күтілуде. Антициклонның шығысқа жылжуына қарай республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі. Бұл аймақтардағы күндізгі температура 3035С дейін, оңтүстікте және орталықта 3741С дейін болады. Тіпті бұл күндері температура әдеттегіден 47С-қа жоғарылайды. Жоғарғы барийлік шұңқырдың және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай мен жаңбыр сақталады. Ал таулы және тау бөктері аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін.