Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген бұйрықты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыдан 7 жыл бұрын қабылданған нормативтік құжат бұл жолы «киіктердің дириватын жинау» тармақшасымен толықтырылған. Бұдан бөлек, толықтырулар негізінде кәсіпшілік, әуесқойлық, мелиорациялық, ғылыми-зерттеу және эпизоотияны болдырмау мақсатында аң аулауға, киіктердің дириватын жинауға рұқсат беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты органдар:
Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар;
Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство;
Киіктердің дериваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді.
Бұйрық"Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжатты талқылау 21 маусымға дейін жалғасады.