Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылған өнімдердің тұсауы кесілді, онда «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдер бар.
Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды.
Шараға Мәдениет министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және оқырман қауым қатысты.
Шара аясында Тіл комитеті шығарған барлық өнімнің көрмесі ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Massaget.kz бұл шараның болатынын хабарлап, «Электронды қазақ үй» туралы мәлімет бере кеткен еді.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: Мәдениет министрлігі баспасөз қызметі