Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қағидаларға сәйкес «1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар наградталсын, – делінген қаулыда.
сурет: baq.kz