- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Елбасы Қазақстанда балалар...
Елбасы Қазақстанда балалар жылын жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Балалар жылын жариялауға шақырды. Бұл туралы ол өзінің жаңажылдық үндеуінде айтты, − деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың әл-ауқаты — мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан келесі жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», − деді мемлекет басшысы.
Елбасымыз бұл жерде әңгіме ұрандар мен мерекелік іс-шаралар туралы емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, балалық шақты қорғау бойынша нақты шаралар туралы болып отырғанын атап өтті.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы — біздің жалпыұлттық міндетіміз», − деді Президент.
Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұрғанын айтты. Жаңажылдық үндеуінде Қазақстан Тәуелсіздігінің төртінші онжылдығы «жан-жақты жаңғыру мен жаңару кезеңіне» айналуға тиіс екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар негізі халық мүддесі мен қамқорлығына арналатынын айтты.
«Жаңа жылда ЕТЖ және ең төменгі күнкөріс деңгейі ұлғаяды. Жаңа үйлер мен жолдар салынады. Біз шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, таза энергетиканы, ауыл шаруашылығын, технологиялық индустрияны дамыту бойынша жұмысты күшейтеміз. Әлеуметтік инфрақұрылымды: мектептерді, ауруханаларды, мәдениет және спорт объектілерін жақсарту жалғасады. Экономика мен әлеуметтік өмірді цифрландыру жаңа серпін алады. 300-ден аса ауыл әкімін сайлау өтеді. Полиция азаматтардың сенімін арттыру үшін жұмыстың сервистік моделіне көшеді. Сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелерін реформалаумен айналысамыз. Жалпы, елдің саяси және экономикалық жаңғыруы жалғасады», − деді Президент.
Сонымен қатар коронавирус пандемиясы әлі бітпегенін, сондықтан Қазақстанда жаппай вакцинация мен ревакцинацияны жалғасып жатқанын атап өтті.
Н. Үсенова