16-18 ақпанға арналған ауа-райы болжамын назарларыңызға ұсынамыз. Қазгидрометтің мәліметінше, Демалыс күндері қар жауып, оңтүстікте жауын-шашын болады.
Атлантикалық циклонмен байланысты болатын оңтүстік циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклонының сілемдері бұзылады, бұл Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына алып келеді.
Демалыс күндері және дүйсенбі күні республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран, күшті батыс желі күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, көктайғақ болады.
Қазақстанның барлық аумағында тұман сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болады.