Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар аймағында күн суытады

Қазақстанның бірқатар аумағында алдағы күндері күн суытады деп күтілуде, - деп хабарлады Қазгидромет. Бұл туралы nur.kz ақпараттық порталы жазды. 

“12 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ болады, солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін күшейеді”, — делінген хабарламада.

13-14 қыркүйекте кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшеймек.

12-14 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 13-14 қыркүйекте Павлодар облысында, 14-15 қыркүйекте Қарағанды облысында, 15-16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  ауаның температурасы төмендейді деп күтілуде.