- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Демалыс күндері Қазақстанда...
Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, 37 градус ыстық болады
Фото:
iStock Global Images/Ukraine
"Қазгидромет"ммамандары Қазақстанда 4, 5 және 6 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты.
Болжам бойынша, республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
"5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан, батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25 градустан 20-33 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстігінде – 27-37 градусқа дейін, Қазақстанның оңтүстік-шығысында – 22-32 градусқа дейін ыстық болады.
Т. Раушанұлы